Төлебаев Қазбек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Төлебаев Қазбек Ағабілұлы (23 Cәуір 1959 жылы туған, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті) – медицина ғылымының докторы (1999), профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Қысқаша өмірбаяны:
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/2/27/Medicina.jpg)
1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы) бітірген.
1982–1985 жылдары Қызылорда облысы ауруханасында дәрігер және медициналық колледжде бөлім меңгерушісі.
1985–1994 жылдары Өлкелік кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер.
1994–1998 жылдары Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесінде бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары.
1998–1999 жылдары Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық орталығында бас директордың орынбасары.
2002–2005 жылдары 1-орынбасары болды.
2005 жылдан осы орталықтың бас директоры қызметін атқарады.
«Научное обоснование реформирования и развития первичной медико-санитарной помощи в Казахстане в условиях перехода к рынку» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.[1]
Дереккөздер:
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |